Парламенттегі ең үлкен фракция салық реформасын қолдамай тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламенттегі ең үлкен фракция салық реформасын қолдамай тастады

Парламенттегі ең үлкен фракция салық реформасын қолдамай тастады

Бүгін Парламенттегі «Нұр-Отан» партиясының мүшелері шұғыл жиналды. Күн тәртібіндегі басты тақырып- салық мәселесі. Жиында күтпеген жерден тосын мінез танытқан билік партиясы еліміздің бас экономисті Ерболат Досаевты аспаннан жерге түсірді. Тәбеті артқан шенеунікті тәубасына түсіріп шикі заң жобасын өзіне қайтарып берді.

Нұрлан Нығматулин, Мәжілістегі «Нұр-Отан» фракциясының төрағасы:

- Біз көлік пен мүлік салығына қатысты заң жобасына енгізілген өзгертуді осы күйінде қабылдай алмаймыз. Елбасы жаңа салық кодексін қабылдар кезде қымбат баспаналар мен көліктерге салынатын қосым

  • 5 Қазан 2013
  • 408
Фото - Caravan.kz

Нұрлан Нығматулин, Мәжілістегі «Нұр-Отан» фракциясының төрағасы:

— Біз көлік пен мүлік салығына қатысты заң жобасына енгізілген өзгертуді осы күйінде қабылдай алмаймыз. Елбасы жаңа салық кодексін қабылдар кезде қымбат баспаналар мен көліктерге салынатын қосымша салық туралы ескеру керек деген. Алайда, құжатта оның бірде-бірі ескерілмеген.

Экономика министрлігі ұсынған заңға 178 түзету енгізіпті. Бірақ оның бірде-бірі Ерболат Досаевтың өзінен басқа жанға ұнай қоймады.

Нұрлан Нығматулин, Мәжілістегі «Нұр-Отан» фракциясының төрағасы:

— Салықты қайта қалталыларға салайық. Байлар қымбат көліктері мен хан сарайындай үйлері үшін де төлесін. Бұл жерде салық үйдің бағасына байланысты салынуы керек. Егер үй миллион доллар тұрса, онда салық та жоғары болуы тиіс. Ал, көлікке қатысты: сіздер неге 4 литрлік машинаны ғана енгіздіңіздер? Бұл жерде неге 5, 6 литрліктер жоқ?

Қалай дегенмен, шулы заң жобасы Досаев басқарған министрліктің беделін тағы біраз түсіргелі тұр. Өйткені, құжат дайындалар сәтте халықтың пікірі мүлдем ескерілмеген.


Нұрлан Нығматулин, Мәжілістегі «Нұр-Отан»  фракциясының төрағасы: 

– Осындай қауым үшін маңызды заң жобасын Үкімет дайындап, Мәжіліске алып келген кезде халықпен кездесіп, сұрақтарын,пікірлерін естіп, осындай кездесулер болды ма?

Ерболат Досаев, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі:

— Басқа-басқа, заң жобасын дайындаған кезде, региондарға барып,  ондай кездескен жоқпыз.

Осылайша, бірыңғай  «Нұр-Отанның» мүшелерінен жасақталған Үкіметке  Мәжілістегі билік партиясының фракциясы  азуын көрсетті. Әріптестеріне осымен екінші рет даулы заң жобасын кері қайтарып берді. Бұған дейін әйелдердің зейнет жасын 63- ке ұзартамын деп Еңбек министрі қызметінен айрылғанды. Көлік мүлік салығын көтерем деп даурыққан экономика министрі Ерболат Досаевқа бүгін депутаттар сол қателіктерге ұрынбауға кеңес берді.