2 ұлын бауыздап өлтірген әке ішкі құрылысын таратқысы келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2 ұлын бауыздап өлтірген әке ішкі құрылысын таратқысы келеді

2 ұлын бауыздап өлтірген әке ішкі құрылысын таратқысы келеді

Оңтүстік Қазақстанда өзінің қос ұлын пышақтап өлтірген әке ішкі құрылысын таратқысы келеді. Балаларын о дүниеге өз қолымен аттандырған ол күнәсін осылайша жуып-шаюға үміттеніп отыр.

  • 5 Қазан 2013
  • 467
Фото - Caravan.kz


Ерлан Әлжанов:

— ҚР азаматы ретінде кеудемдегі жанымды өзім шығара алмағаннан кейін, дені сау мүшелерімді ҚР азаматтарына бергім келеді. Азамат ретінде өз еркіммен дені сау мүшелерімді мұсылман адамдарға таратып бергім келеді рұқсат берсеңіздер. Өйткені өз кеудемнен өз ұрпақтарымды өз қолыммен шығардым. Ол ісімді ешқашан кешіре алмаймын.

Алайда жантүршіктірерлік жауыздыққа барған әкенің бұл ниеті іске асуы екіталай. Өйткені заңнама бұған рұқсат етпейді. Өлген балаларының тегін қайын жұрты өз атына аудармақ болған соң осындай айуандыққа бардым дейді өзі. Естеріңізге салсақ, қанішер әке бір апта бұрын Шымкентте жүрген 2 және 4 жастағы ұлдарын шалғайдағы Созаққа алып барып, әуелі пышақтап, соңынан бауыздаған. Соңынан үйін өртеп, өзіне де қол салғанын айтқан едік. 35 жастағы азам енді өмірінің соңына дейін темір торда отыруы мүмкін.