«Қазақтың арғы-бергі тарихында ұлы тұлғалар жетерлік. Бірақ, солардың ішіндегі ең дарасы әрі құрметтісі — Абылай хан бабамыз. Абылай болмағанда қазақ тарихы мүлдем басқаша қалыптасар еді, яғни біз ұлт болып қалар ма едік немесе қалмас па едік?!», — деп тоқталды М. Шаханов.
Осы орайда ол Абылай ханға өзгеше құрмет көрсету қажет екенін, сондай-ақ ЮНЕСКО деңгейінде тойлау керектігін айтып өтті.
«Сондықтан ЮНЕСКО жағына осындай өтініш жасап, осылайша қазақ тарихына бүкіл әлемнің назарын аударамыз. Атап айтқанда, Абылай ханның ерекшеліктері өте көп», — деді ақын.