Швецияда Нобель апталығы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Швецияда Нобель апталығы басталады

Швецияда Нобель апталығы басталады

Бүгін Швеция астанасында Нобель апталығы басталады, оның барысында әлемге физиология және медицина, физика және химия, бейбітшілік және экономика саласындағы Нобель сыйлығы жаңа лауреаттарының есімдері белгілі болады, деп хабарлады  "Внешнеэкономические связи" журналының ресми сайты.

  • 7 Қазан 2013
  • 331
Фото - Caravan.kz


Нобель апталығының алғашқы үш күні жаратылыстану ғылымдарына арналмақ. Ал медицина және физиология саласындағы лауреаттар бүгін белгілі болады.  Бірқатар ДНК зерттеулерін жүргізген Иерусалимдегі Еврей университетінің ғалымдары осы мәртебелі сыйлыққа ие болады деп күтілуде.

8 қазанда сейсенбі күні физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары аталады. Үміткерлер арасында шотландиялық физик Питер Хиггс бар. Химия саласындағы лауреаттар арасында Ресейден шыққан Валерий Фокин  болуы мүмкін деген болжам бар.