Қазақстанда жалған куәгерлік үшін 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жалған куәгерлік үшін 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатын болады

Қазақстанда жалған куәгерлік үшін 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатын болады

Қазақстанда жалған куәгерлік үшін 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатын болады. «КТК» телеарнасында «Слуги народа» бағдарламасының қонағы болған ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель осылай деді.

  • 7 Қазан 2013
  • 407
Фото - Caravan.kz


«Қазақстанның жаңа Қылмыстық кодексімен жұмыс істеу аясында біз жалған куәгерлік үшін де жазаны қатаңдаттық. Жалған куәгерлік үшін 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бұлай болмаған жағдайда тергеу мен сот институттары дұрыс жұмыс істей алмайды, әртүрлі проблемалар орын алады. Бүгін бір жауап беріп, ертең оны өзгертіп шыға келеді, ал бұл үшін ешқандай жауапкершілік жоқ», — деді И.Меркель.