Жамбыл облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

Жамбыл облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылында кеше түнгі үш кезінде Volkswagen Touareg және Mazda-626 көліктері қақтығысып қалды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

  • 7 Қазан 2013
  • 307
Фото - Caravan.kz


Апаттың салдарынан Volkswagen Touareg автокөлігінің 1990 жылы туған жолаушысы мен Mazda-626 көлігінің жүргізушісі мен оның ішінде болған 4 жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Түрлі жарақаттармен Volkswagen Touareg көлігінің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Төтенше жағдайдың салдарын жоюға ҚР ТЖМ Жамбыл облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 1 техникасы мен жеке құрамның 4 адамы жұмылдырылды.