Сұрапыл дауыл Қытай халқын әбігерге салуда (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сұрапыл дауыл Қытай халқын әбігерге салуда (ВИДЕО)

Сұрапыл дауыл Қытай халқын әбігерге салуда (ВИДЕО)

Биылғы жылы осымен 23-ші тайфунының алғашқы соққысын Қытайдың оңтүстік-батыс провинциясы көрді. Аса қауіпті «Фитоу» дауылының салдарынан елде төтенше жағдай жарияланды.

  • 7 Қазан 2013
  • 651
Фото - Caravan.kz

Халықты жаппай қауіпсіз жерге көшіру жүргізіліп жатыр. Толқындардың биіктігі бес метрге дейін жетеді, синоптиктердің болжамынша алдағы уақытта олар 10 метрге дейін жетуі мүмкін.

Бұқаралық ақпарат құралдарынан хабарлағандай, Қытай билік өкілдері 417 мың адамды қауіпсіз жерге көшірді. Осыған дейін табиғи апат Жапонияның Окинава перфектурасына жеткен болатын. Онда 14 мың отбасы жарықсыз қалды. 5 адам жарақаттанды. Бүгін апаттан зардап шеккен аудандарда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жапонияда тайфунға байланысты 350 әуе рейсі тоқтатылды.


ВИДЕО