Атырауда ер адам көпірден секіріп, суға батып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда ер адам көпірден секіріп, суға батып кетті

Атырауда ер адам көпірден секіріп, суға батып кетті

Атырауда қазанның бесі күні тойланған қала күні меркесінде ер адам орталық көпірден секіріп, суға батып кетті.

  • 7 Қазан 2013
  • 328
Фото - Caravan.kz

Өңірдің ІІД баспасөз қызметінен хабарланғандай, төтенше жағдай 22:20 кезінде мерекенің нағыз қызған шағында, көпірдің бойына халық көп жиналған кезде орын алған. Белгісіз ер адам көпірдің қоршауына шығып, Жайық өзеніне секіріп кеткен. Кейін жұртты көмекке шақырған.

Құтқарушылар ағыс адамды бірнеше метрге төмен қарай ағызып әкеткеннен кейін барып келген. Жексенбі күні құтқарушылар Жайықтың түбін сүзіп шықса да, суға батып кеткен адамның денесін таба алмады.


Көпірден секірген адамның аты-жөні анықталмады.