Қазақстанның Экологиялық кодексі Ресей жалға алып отырған аумақта күшіне енуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Экологиялық кодексі Ресей жалға алып отырған аумақта күшіне енуі мүмкін

Қазақстанның Экологиялық кодексі Ресей жалға алып отырған аумақта күшіне енуі мүмкін

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Байқоңыр аумағында Қазақстан Экологиялық кодексі күшінің таралуы бойынша жұмыстарды атқаруда. Бұл жайында бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында аталған министрліктің басшысы Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

  • 7 Қазан 2013
  • 567
Фото - Caravan.kz


Осы орайда министр Ресей жағы жалға алып отырған аумақта аталған заңнама таралған жағдайда нақты айқындалған қадамдарды жүзеге асыруға мүмкіндік болатынын сөз етті.

Сонымен қатар Н. Қаппаров гептил отынымен ұшатын зымыран-тасығыштарға қатысты өзінің азаматтық ұстанымын жеткізді. «Әрине, тез арада гептилден құтылу керек. Біз ресейлік тарапқа біртіндеп гептилді қолданудан бас тартып, отынның экологиялық таза түрлеріне көшу бойынша нақты жоспарды іске асыру мәселесін төтесінен қойдық», — деді министр. Бұл тұрғыда ол ведомство бұл мәселені екі елдің үкіметтері деңгейіндегі комиссияда бұдан әрі қарай көтеретінін айтты.