Министрдің айтуынша, ЭКСПО-2017 қалашығын салу үшін елімізде көптеген технологиялар алғаш рет пайдаланылады. Сондықтан да кейбір әкімшілік кедергілер туындауы ықтимал.
«Қысқа мерзімді ескере отырып, бізде болып жататын төрешілдікті азайту үшін және кейбір ресми үдерістерді жеңілдету тұрғысында осындай заңды қабылдау керек», — деп түйді ведомство басшысы.