Алматыда үздік «мерген журналист» анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
0 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда үздік «мерген журналист» анықталды

Алматыда үздік «мерген журналист» анықталды

Өз алаңында Алматының «Қайратынан» ұтылған  «Астана»,   чемпиондық атақ үшін таласты тоқтатудан басқа амал қалмады.   Бұған дейін астаналық клубпен он рет кездескен «Қайрат» алты рет жеңіліп, төрт ойынды тең аяқтаған екен.

  • 8 Қазан 2013
  • 467
Фото - Caravan.kz

Қақпашы Давид Лория болмағанда  қонақтардың жеңіске жетуі бұл жолы да екіталай еді.  Қиын-қыстау сәттерде өз қақпасын берік ұстай білген Лория , «Қайраттың» бүгінгі жеңісіне  қомақты үлес қосты.  Үнемі шабуылдаумен болған алаң иелері бірінші таймның соңғы минутында  өз дегендеріне жетті. Бұл эпизодта Давид Лорияның алдын орап кеткен Патрик Твумаси мергендік танытты. Кейіннен белгілі болғандай бүгінгі  бәсекенің бар қызығы алда екен.  Кездесудің 81-минутында  «Қайраттың» сирек комбинацияларының бірін Виталий Ли нәтижелі соққымен аяқтады.  Көп кешікпей  павлодарлық футболшылар екінші рет жер сипап қала берді.  «Астананың» чемпиондық амбициясына нүкте қойған бұл  голды  Иосип Кнежевич соқты

 

 

Жылдың спорттағы  басты  оқиғаларының бірі саналған Владимир Кличко – Александр Поветкин арасындағы титулдық жекпе-жекті тарих көшіне шығарып салдық. Кіші Кличконың «көкесін көрсетем» деп көкірегін қаққан «орыс витьязі» арманына жете алмады.

12- раунд бойы шаршы алаң төрінде билік құрған украиналық боксшы, Александр Поветкиннің жақсылап сыбағасын  берді.  Бірі Атланта, екіншісі  Афины олимпиадасында топ жарған  қос мықты,  кәсіпқой боксқа ауысқанда да  қарсы келгендерді  шыдатпады.  Осы беттерінен қайтпаса  күндердің күнінде  олардың  жолы түйісетіні анық еді. Сол  төрт бірдей тұжырымның чемпиондық белбеуі сарапқа түскен  күн де келіп жетті. Мәскеудегі «Олимпискиий» спорт кешенінде өткен жекпе-жек, Кличконың шеберлігі бүкіл орыс халқы бетіне қараған Поветкиннен әлдеқайда жоғары екенін көрсетті. Не керек 37 жастағы Владимир ,  осы матчқа дейін жеңілістің ащы дәмін татпаған «русский Витязьді» тәубесіне келтірді.

 


 

Алматыда үздік мерген журналист анықталды. Қаламның орнына берен мылтықты серік еткен тілшілер қауымы стенд атудан өзар сайысқа түсті.

Бұл сыннан біздің редакция ұжымы да сырт қалған жоқ. Жаңалықтар бағдарламасының шығарушы редакторы Артур Ізбасов іріктеуде 9 нысанды дәл көздеп бірінші нәтижемен финалға жолдама алған. Бірақ ақтық бәсекеде жолы болмай, тек бесінші орынға табан тіреді. Ал финалда “Бест” газетінің тілшісі Виктор Журба үздік шықты. Ол он нысананың жетеуін дәл көздеген. Екінші орын “Каз Таг” агенттігінің өкілі Валерий Новиковқа бұйырды. Үздік үштікті Ерлан Рамазанов қортындылады.