Петропавлдық ұстаздар Еуропаның көне билерін игеруде - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
0 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлдық ұстаздар Еуропаның көне билерін игеруде

Петропавлдық ұстаздар Еуропаның көне билерін игеруде

Петропавлдық ұстаздар Еуропаның көне билерін игеріп жатыр. Кәсіби мерекелерін атап өткен мұғалімдер 19-шы ғасырда кәрі құрлықтағы сәнді билердің бірі болған француз кадрилін, желірме мен канканды билеп, мәре-сәре болып қалды.

  • 8 Қазан 2013
  • 243
Фото - Caravan.kz


Баяу қимылдайтын француз кадриліне егде ұстаздар тартылса, желірме, канкан, полька тәрізді тез қимылайтын биге тек жастар жағы қатысты. Осы кешке арнайы киім тіктіруді қымбатсынса керек, қыздардың көбі жалға  алған той көйлектерін киіп шығыпты. Алайда бұрын-соңды бұлайша билеп көрмеген кейбір жұптар көйлектерінің етегіне шалынып, көпшілікті күлкінің астына қалдырды. Мұндай балл Қызылжарда алғаш рет өтіп отыр. Ол үшін арнайы шақырылған хореограф мамандар ұстаздарды бір ай бойы биге баулыған. Мұғалімдердің аяқ алыстары музыкаға ілеспе де, бұрын мұндайды  көрмеген жұртқа осының өзі  қатты ұнаған сияқты.