БҚО-да мұнай ұрлаумен айналысқандар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
0 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да мұнай ұрлаумен айналысқандар ұсталды

БҚО-да мұнай ұрлаумен айналысқандар ұсталды

Батыс Қазақстан облысында мұнай ұрлаумен айналысқандар ұсталды. 4 адамнан құралған топ «Чинарево-Белес» мұнай құбырын тесіп, 40 тонна қара алтынды қолды қылған. 5 млн теңгенің шикізатын екі цистернаға бөліп тиеп бара жатқандар діттеген жерлеріне жетпей құрықталды.

  • 8 Қазан 2013
  • 227
Фото - Caravan.kz


Қара алтынға қол сұққан төртеудің аты-жөндері түгел анықталған. Айта кетсек, қылмыстық топ жетекшісі осыған дейін шикізат ұрлап сотты болған екен. Түрмеден шыға салысымен ескі әніне қайта басса керек. Соттан сабақ алмаған сұғанақ енді сыбайластарымен ұзақ мерзімге темір торға тоғытылуы мүмкін.