Айқайға басқан 400-дей адам Ыстықкөл облысының әкімшілігіне басып кірмек болды. Наразы топтың алдына аймақ губернаторы Емелбек Қаптағаев шыққанда бүлікшілер қоршауға алып, кейін тіпті сол маңдағы көліктердің біріне күштеп отырғызған. Губернаторды кепілге алғандар, Құмтөр кен орнында алтын өндіріп жатқан шетелдік компаниямен келісімді бұзуды талап етуде. Ел үкіметі Канадалық компанияға осы алтын өндірісін берген болатын. Естеріңізге салсақ, өткен көктемде де жүздеген тұрғын осылай ереуілдетіп, канадалықтардың кетуін талап еткен-ді.