Асқан шапшаңдық танытқан еліміздің бас экономисті Ерболат Досаев бүгін депутаттар алдында ағынан жарылды. Сөзіне сенсек, сенбі-жексенбі күндері министрлік қызметкерлері ұйқы көрмей тынымсыз еңбек етіпті. Сондағы өзгерткендері — көлік пен мүлік салығына қатысты. Ал басқасының бәрі бәз- баяғы қалпында. Айта өтейік, өткен жұмада Мәжілістегі «Нұр-Отанның» фракциясы салық заңына енгізілген өзгерістерді сынға алып, Үкіметке кері қайтарған болатын. Билік партиясының мүшелері қарапайым халықтың қалтасын қағуға бағытталған даулы құжатқа қатысты бірнеше ұсыныс айтқан. Алайда 2 күн ұйқы көрмедік деген министр заңға екі-ақ түзету енгізіпті.
Ерболат Досаев, ҚР Экономика және бюжеттік жоспарлау министрі:
— Қозғалтқыш көлемі 5 литрден асатын көліктер салықты артығырақ төлейді. Ал құны 150 млн.теңге тұратын зәулім үйлерге салық үш есеге көбейеді. Салық оның құнына қарап салынатын болды. Партияның негізгі ұсыныстарының бірі осы еді. Мұны ескеріп отырмыз.