Семейде азық-түлік өнімдерін саудалайтын базар өртке оранды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде азық-түлік өнімдерін саудалайтын базар өртке оранды

Семейде азық-түлік өнімдерін саудалайтын базар өртке оранды

Семейде азық-түлік өнімдерін саудалайтын базар өртенді. Түн ортасында тұтанған қызыл жалын ғимарат ішіндегі тауарлар мен тоңазытқыш құрылғылардан түк қалдырмаған.

  • 8 Қазан 2013
  • 272
Фото - Caravan.kz

Өрт 40 минут ішінде ауыздықталғанымен, келген шығын көлемі миллиондап саналады. Абдыраған саудагерлер күлге айналған мүліктердің арасынан аман қалған өнімдерін алып шығуда. Айтуларынша, өртке электр сымдарындағы ақау себеп болған. Бұған дейін саудагерлер базар әкімшілігіне тоқ сымдарының тозғанын талай мәрте ескерткенімен, құлақ қойған жан болмапты. Енді шығынға шаш-етектен батқан сатушылар оны кімнен өтерін білмей дал.


Қания Қыстаубаева, саудагер:

— Қаншама тауарымыз, тоңазытқышымыз күлге айналды. Базар әкімшілігінен сұрайық десек, есікті тарс жауып, шықпай қойды!