Маңғыстау облысындағы жаңа кадрлық тағайындаулар - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысындағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Маңғыстау облысындағы жаңа кадрлық тағайындаулар

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Әміржанов Рақымбек Маршалұлы облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Жаңа қызметте ол аймақтың индустриалды-инновациялық дамуы, инвестиция тарту, экономиканың нақты секторының дамуы мәселесіне жетекшілік ететін болады.

  • 8 Қазан 2013
  • 536
Фото - Caravan.kz

Әміржанов Рақымбек Маршалұлы 1964 жылы дүниеге келді. Жоғары білімді. Лениндік комсомол атындағы Новосібір мемлекеттік университетін, Хоккайд университетін (Саппоро қ., Жапония) бітірді.

Жоғары кәсіптік даярлығы бар, «Ақтау теңіз сауда порты» РМК-да түрлі лауазымдарда, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары, Солтүстік-Каспий Операциялық компаниясының (NCOC) Маңғыстау облысы бойынша кеңесшісі, «Semurg Invest» ЖШС-нің (Алматы қ.) бизнесті дамыту жөніндегі менеджері, «Теңізқызмет» ЖШС-нің бас менеджері қызметтерін атқарды.

Соңғы қызмет орны — облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы.

«Сонымен қатар, Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Сағындықов Жеңісбек Өренұлы облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының қызметіне тағайындалды. Сағындықов Жеңісбек Өренұлы 1975 жылы дүниге келді. Жоғары білімді. Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін, «Ұлағат» университетін, тау-кен, экономист-менеджер мамандығы бойынша Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халықтық шаруашылық және мемлекеттік қызмет академиясын, МВА: менеджмент — халықаралық бизнес академиясын бітірді», — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Жоғары кәсіптік даярлығы, мұнай-газ өндіру секторындағы өндіріс жұмыстарында үлкен тәжірибесі бар. «Маңғышлақмұнай» ӨО, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Ақтаумұнайқызмет» ЖШС, «ҚазмұнайГаз» ҰК» АҚ-да қызмет атқарды.


Соңғы қызметі — «БК Степной Леопард» ЖШС-де өндіріс жөніндегі бас директордың орынбасары.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Төлеуғалиева Гүлзайда Бектұрқызы облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының қызметіне тағайындалды.

Төлеуғалиева Гүлзайда Бектұрқызы 1966 жылы дүниеге келді. Жоғары білімді. Мәдени-ағарту қызметкері мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет педагогикалық институтын аяқтады. Мәдени-ағарту саласында үлкен тәжірибеге ие. Соңғы қызмет орны — Маңғыстау облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы, баспасөз хатшысы.