Энергия ресурстары үшін жаһандық күрес күшейеді - Ұ.Қарабалин - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Энергия ресурстары үшін жаһандық күрес күшейеді - Ұ.Қарабалин

Энергия ресурстары үшін жаһандық күрес күшейеді - Ұ.Қарабалин

2030 жылға қарай әлемде энергия ресурстары үшін жаһандық күрес күшейеді.

  • 8 Қазан 2013
  • 573
Фото - Caravan.kz


Бүгін «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының VIII Еуразиялық энергетикалық форумында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин осылай мәлім етті.

Сарапшылардың болжамына қарағанда, сол кезде ғаламшардағы халықтың саны 8 млрд.-қа жетеді. Оның үштен бір бөлігі Қытай мен Үндістанда тұратын болады. «2030 жылға қарай энергияны тұтыну көлемі 30-40 пайызға өседі. Сонда энергия ресурстары үшін жаһандық күрес күшейеді. Соның салдарынан бүгінгі энергетикалық жүйе, оның қазіргі тепе-теңдігі өзгереді. Бұндай жағдайда энергия үнемдеудің маңыздылығы артып, баламалы қуат көздерін дамыту мәселесіне негізгі басымдық берілмек», — деп атап көрсетті Ұ.Қарабалин.