Қытайға баратын құбыр арқылы мұнайдың 20 млн. тоннасы тасымалданады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайға баратын құбыр арқылы мұнайдың 20 млн. тоннасы тасымалданады

Қытайға баратын құбыр арқылы мұнайдың 20 млн. тоннасы тасымалданады

Алдағы уақытта Қазақстандағы негізгі мұнай құбырлары арқылы тасымалданатын мұнайдың көлемі артады.

  • 8 Қазан 2013
  • 697
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін «KAZENERGY» қауымдастығының VIII Еуразиялық энергетикалық форумында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлім етті.

Оның хабарлауынша, 2015-2107 жылдары КТК (Каспий құбыр консорциумы) және Қазақстан-Қытай құбырын толыққанды іске қосу жоспарланып отыр. «Осының арқасында Қытайға баратын құбыр арқылы мұнайдың 20 млн. тоннасы тасымалданады. Оның ішінде Қазақстанның өз мұнайы және Ресейдің транзиттік шикізаты бар», — деді С.Мыңбаев.