Курорттарға халықтың келуі жағынан алдағы 10 жылда Қазақстан үздік бестікке кіруі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Курорттарға халықтың келуі жағынан алдағы 10 жылда Қазақстан үздік бестікке кіруі мүмкін

Курорттарға халықтың келуі жағынан алдағы 10 жылда Қазақстан үздік бестікке кіруі мүмкін

Қазір Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағындағы тау шаңғысы курорттарына халықтың көп келуі Чехияда байқалады.

  • 8 Қазан 2013
  • 521
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан қысқы туризмнің жаңа туристік бағыттарының дамуы туралы тау шаңғысы курорттарының бірінші еуразиялық конференциясында айтылды.

«Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағындағы тау шаңғысы курорттарына халықтың көп келуі жағынан қазір Чехия, Словакия, Польша алда. Соңғы орында Украина мен Литва тұр. Өсім болжамы бойынша алдағы 10 жылда алғашқы бестікке Армения, Беларусь, Әзірбайжан, Грузия және Қазақстан шықпақ. Ал Украина әдеттегідей соңғы орында қалуы ықтимал», — дейді «Consulting SARI» консалтингтік компаниясының өкілі Лоран Вана. Оның айтуынша, Қазақстан бұған инфрақұрылымды дамыту арқылы қол жеткізбек.

Қазіргі таңда  тау шаңғысы курорттарына халықтың келуі көбеюде. Ішкі нарықтар дамуда.