Қазақстанда Ұлттық географиялық қоғам құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Ұлттық географиялық қоғам құрылды

Қазақстанда Ұлттық географиялық қоғам құрылды

Бүгін «Назарбаев» университетінде Қазақстанның Ұлттық географиялық қоғамының құрылғандығы ресми жария етілді.

  • 8 Қазан 2013
  • 752
Фото - Caravan.kz

«Осы залда бұл қоғамның тағдырына бей-жай қарамайтын адамдар жиналып отыр. Менің ойымша, біздер бүгіннен бастап бірлесіп, қоғамның даму міндеттерін тек қана ел ішінде ғана емес, сонымен бірге басқа да елдердің географиялық қоғамдастықтарымен қатар шешуге күш-жүгерімізді жұмсай аламыз деп ойлаймын», — деді аталған қоғамның ашылуына арналған бірінші съезд барысында ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімов.

Айта кетейік, Қазақстанның Ұлттық географиялық қоғамының басты мақсаты — ғылыми қызметтерді дамытуға әрі бұл саладағы білімді таратуға жәрдемдесу, елдің ұлттық қауіпсіздігін нығайту, оның Тұрақты дамуы мен жасыл экономикаға көшуіне қол ұшын беру болмақ.