Алматыда жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

Алматыда жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

Алматыда жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер құрықталды.

  • 9 Қазан 2013
  • 466
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Алматы қалалық ІІД полиция қызметкерлері жанармай құю стансасына қарақшылық шабуыл жасаған екі күдіктіні қолға түсірді. Жәбірленушінің айтуы бойынша, үш бейтаныс адам күш көрсету және пышақпен қорқыту арқылы екі ұялы телефон мен 17 мың теңгені қолды қылған»,- деді ол.

Аталған қылмысты жасады деген күдікпен Алматы облысының Талғар ауданы мен Алматы қаласының 20 және 18-жастағы тұрғындары ұсталды.

«Күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілердің сыбайластарын іздеу шаралары жалғасуда», — деді Н.Ораз.