Жаңатас қаласында 6 отбасы апатты үйде тұрып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңатас қаласында 6 отбасы апатты үйде тұрып жатыр

Жаңатас қаласында 6 отбасы апатты үйде тұрып жатыр

Жамбыл облысы Жаңатас қаласында алты отбасы апатты үйде тұрып жатыр. Бес қабатты нысанның қабырғасы қақырап, тіпті бір бұрышы опырылып түскен. Тұрғындар соған қарамастан, қауіпті баспананы қалқалауға мәжбүр. Себебі тұрмысы төмен жандардың басқа пәтер алуға шамалары жетпейді. Ал  жергілікті билік жұртты 8 жылдан бері жаңа үйге көшіреміз деп алдап келеді.

  • 10 Қазан 2013
  • 384
Фото - Caravan.kz

Жаңатас қаласының қазіргі кейпі мәз емес, тас-талқаны шыққан, соғыстан кейінгі ұрыс алаңына көбірек ұқсайды. Мұнда апатты деп танылған нысандардың барлығы бұзылып, тұрғындары көшірілген. Бірақ айдаладағы мына ақ отауды паналағандар, ескерусіз қалыпты. 5 қабатты бұл нысанда қазір 6 отбасы ғана тұрып жатыр.

Бақыткүл Әлімғалиева, Жаңас қаласының тұрғыны:

— Жағдай нашар, апатты үй. Бұзылатын үй, құлайын деп тұр. Бір жер сілкінсе, бәрі құлайын деп тұр ғой. Мүлдем жаман, бәрі жарылып кеткен.

Бақыткүл Әлімғалиева,бұл үйге ең алғаш қоныстанғандардың бірі. Бүгінде екі немересімен өмірге қауіпті пәтерде, жанын шүберекке түйіп тұрып жатыр. Жауын жауса төбеден су сорғалайды, ал қысты күні жағдайымыз тіпті қиындайды дейді.

Қап-қара болып тұрады ғой. Су болып ше, содан ериді ғой, мынау мұз болып тұрады. Қабырға мұз боп тұрады.Тоңазытшыш секілді.

80-ші жылдары негізі қаланған нысаның апатты жағдайда тұрғаны айтпаса да түсінікті. Мінекей, мына баспалдақтың өзі шетінен опырылып жатыр. Ал, мынау бос жатқан бөлмелер, шашылған күл-қоқыстар. Подъездің мына бетінен кірген жандар, келесі бетінен оп-оңай шығып кетеді. Бұл нысанға түнде кіріп-шығу өте қорқынышты дейді тұрғындар.

Қорыққаннан бұрын, жұрт өлім аузынан қалдық деп отыр. Осы үйге іргелес орналасқан ғимаратты бұзу кезінде, қабырғасы құлап, бес бірдей отбасыны басып қала жаздапты. 


Мына шеті ары қарай шығып тұрды ғой, сол ары қарай құлаған кезде, мынау түгел опырылды ғой. Кәдімгідей мына үй былай қозғалды ғой.

Тұрғындар 8 жылдан бері  баспана сұрап әкімдіктің табалдырығын тоздырған. Жауаптылар, жылы жүзбен қарсы алып, арқадан қағып шығарып салады екен. Бүгін өз аяғымен келген атқамінер, тағы бір мәрте ант су ішті. Сөзіне сенсек, бес қабатты үйге жөндеу жүріп жатыр, құрылысы аяқталған кезде, апатты нысандағылр сонда көшірілмек.  

Қайрат Әукенов, Сарысу ауданы әкімінің орынбасары:

— Жоқ, бұл мәселе құрғақ уәде ретінде қалып қалмайды. Бұл жерде комиссия жұмыс істеп жатыр. Шешімдері шығып қойған. Бұл толық нәтижесін табады.

Қараша бұл жолы да шендінің сөзіне балаша сенді. Тағы да алдап соқпаса игі. Әйтпесе, жұрттың қирап тұрған үйде, биыл қыстап шығуы екіталай.