Халықаралық іздеуде жүрген ағайынды Рысқалиевтердің әкесі қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық іздеуде жүрген ағайынды Рысқалиевтердің әкесі қайтыс болды

Халықаралық іздеуде жүрген ағайынды Рысқалиевтердің әкесі қайтыс болды

Ақтөбеде халықаралық іздеуде жүрген ағайынды Рысқалиевтердің әкесі қайтыс болды. 78 жасқа қараған шағында көз жұмған Сәулебай ақсақалдың жаназасына ұлдары мен үш күйеу баласы және кісі өлтіруге тапсырыс берді деп айыпталған қызы да қатыса алған жоқ. Әкесінің артынан бір уыс топырақ салмаған қашқындар қазір Еуропа елдерін паналап жүрген көрінеді. Ал туыстарының айтуынша, балалары істі болғаннан кейін марқұмның жүрегі сыр берген.

  • 10 Қазан 2013
  • 318
Фото - Caravan.kz

Қазынаның қыруар қаржысын қалтасына басып қашқан ағайынды Рысқалиевтердің әкесі 10 жылдан астам мына үйде тұрып келген.Жаназаға жиналғандардың көп болғаны сонша, жол бойына қойылған көліктерден көшедегі қозғалыс бірер сағатқа тоқтап қалды. Ал көңіл айтып келгендерді туыстары қақпа алдынан күтіп алып, жаназасы үй ауласында сырт көзден таса жерде шығарылды.

Балалары елден кеткелі бері Сәулебай Рысқалиевтің жүрегі сыр берген. Өмірінің соңғы күндерін ол хабар күтіп, теледидарға телміреумен өткізіпті.

Алпысбай Жұмырғазин, С. Рысқалиевтің досы:

— Балдарын аңсайды ғой. Аңсамайтын адам бар ма? Бала-бауыр еті ғой. Баласын ата-анасы ақ сүтін берген, қалай жоқтамасын?

Құндызбай Берлепесов, С. Рысқалиевтің құдасы:

— Денсаулығы, жүрегі ауырып жүреді ғой. Курортқа барды, емделіп жүрді. Бәрібір дәмі біткен соң кетті ғой. Не шара…

Атыраудың бұрыңғы әкімі Бергей Рысқалиев пен Мәжіліс депутаты болған бауыры Аманжан әкелерін соңғы сапарға шығарып сала алмады. Оларға 35 адамнан тұратын қылмыстық топ құрып, 71 миллиард теңгені жымқырды деп айып тағылған болатын. Сыбайластарының қатарында үш күйеу баласы тағы бар. Олар да шетел асқан. Ал үлкен әпкесі кісі өлтіруге тапсырыс берді деп айыпталып, қазір Халықаралық іздеуде жүр.


Қазір Швейцария прокуратурасы да ағайынды Рысқалиевтерге қатысты қылмыстық іс қозғапты. Осы елдегі банктердің бірнен өздері мен туыстарының атына үш есеп шот ашып, ақша ұрлаған. Бұдан өзге қазір шоттарында 100 миллион еуродан асатын қаржылары сақтаулы тұрғаны тағы белгілі болды. Алайда елдің ақшасын жеп, ен байлыққа кенелсе де әкелерін ақтық сапарға аттандыру, оларға бұйырмаған бақыт болды.