Қалталылар салықтан жалтарудың қамына кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қалталылар салықтан жалтарудың қамына кірісті

Қалталылар салықтан жалтарудың қамына кірісті

Мәжілістің асқан шапшаңдықпен бірінші оқылымда бекітіп берген осы салық туралы заңын  байлар айналып өтуі мүмкін.  Себебі экономика министрлігі 150 млн теңге тұратын хан сарайындай үйлерге салықты үш есеге көтеруді көздеп отырғаны белгілі. Алайда, ауқаттылар қазірдің өзінде шығындарын есептеп салықтан жалтарудың қамына кірісіп кеткендей. 

  • 10 Қазан 2013
  • 296
Фото - Caravan.kz

Бұл Астанадағы байлар тұратын аудан. Мұнда 402 шаршы метрлік хан сарайындай коттедждің құны 270 млн. теңге. Іші кең, алты бөлмелі.  Басқасын айтпағанда, саунасына дейін бар. Енді үйдің бағасы 150 млн. теңгеден асқандықтан ауқатты қожайындары салықты өзгелерден 3 есе артық төлеуі тиіс.

Ал мынау Елордадағы элиталық пәтерлердің бірі. Даңғарадай төрт бөлмесі бар. 

Бұл қызметтік бөлме. Барлық жағдай жасалған. Мінеки, жұмыс үстелі, шағын кітапханасы бар. Қысқасы, жайлы. Десек те, Есілдің сол жағалауындағы баспаналар көпке орындалмас арман. Мұндай қымбат үйлерді негізінен кәсіпкерлер, шенеуніктер эстрада жұлдыздары яғни әншілер сатып алады екен.

Енгізілетін жаңа талап бойынша, 150 млн. тұратын баспаналардың иелері  ғана салықты еселеп төлеуі тиіс. Ал бұл үйдің жалпы аумағы 300 шаршы метр болғанымен, құны 100 млн. теңге. Сондықтан салықтан оңайлықпен жалтарып шыға келеді. Жалтарудың қамына бай-бағландарда кірісе бастағандай.  Заңды айналып өту үшін пәтерінің  бағасын төмендетіп көрсетуді әдетке айналдырған. Негізінен олар ірі кәсіпкерлер мен шенеуніктер екен.

Гуля Сариева, Жылжымайтын мүлік агенттігінің қызметкері:


 — Ол кісілердің біз аты-жөндерін білмейміз. Өздерінің байлығын жасырғысы келетін шығар, қызметін көрсеткісі келмейтін шығар бірақ біз оны талап етпейміз. Өйткені айтқысы келмегендіктен қинауға құқығымыз жоқ.

Биік дуалдармен қоршалған осы ауданда негізінен шенеуніктер тұрады. Артық ақша төлеуге олардың құлшынып отырғаны шамалы. Өйткені байлар да жылайды. Мысалы, екі жыл бұрын  елорданың бай қуатты адамдары коммуналдық қызмет ақысын төлемей келгені анықталған еді. Млн-даған қарызы бар борышкерлердің тізімінде ондаған жоғары лауазымды шенділер де болған-ды. Ал атышулы заң жобасын бірінші оқылымда бекітіп берген депутаттар басымызда 150 млн. теңгенің пәтері жоқ, сондықтан салықтан қашпаймыз деп ақталып бақты.

Ахмадиев, Мәжіліс депутаты:

Ондай үйім әзірше жоқ. Заң шыққаннан кейін ойланамыз да. Қандай үй салатынымызды.

Зағипа Балиева, Мәжіліс депутаты:

Көлігім жоқ. Жолдасымда бар. Ал  миллион долларға үйім жоқ.