Облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Жас толқын» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған байқау үш кезеңде өтті. Қазылар алқасының төрағасы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Азамат Мамыровтың айтуынша, іріктеу кезеңіне 60 үміткер қатысса, соның 23-і ғана қорытынды сайысқа жіберілді. Оған колледждер студенттері ғана емес, қала, аудандардағы мектеп оқушылары да қатысты.
Байқау қорытындысында Жаңақала ауданынан келген Айжанат Қадыралиева жеңімпаз атанса, ақжайықтық Райса Нәсіпқали, қаратөбелік Зәуре Қариева — екінші, шыңғырлаулық Индира Масабаева, оралдық Марина Биғалиева үшінші орынды бөлісті.