Астанада жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады деп күтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады деп күтілуде

Астанада жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады деп күтілуде

10 қазанда, Қазақстанның астанасында жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады деп күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап, ҚР ТЖМ хабарлады.

  • 10 Қазан 2013
  • 519
Фото - Caravan.kz

10 қазан күні түнде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында күн 0-3 градусқа дейін суытады.

Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында ертең жауын-шашын болады деп күтілуде, жаңбырдың соңы қарға ұласады, кей жерлерде батыстан, солтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қарағанды, Ақтөбе облыстарында 2-7 градусқа дейін жылы болады.

Сондай-ақ, Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болуына байланысты ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады, жел күшейеді, жекелеген аудандарда түнде және таңертең тұман түседі.


«Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында кей жерлерде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады», — деп атап айтылған ведомство порталында.

Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстігі және оңтүстік-шығысының таулы өзендерінде су деңгейінің тұрақсыз болады деп күтілуде, Батыс Алтайдың жекелеген өзендерінде жаңбыр жаууына байланысты су деңгейінің көтерілуі байқалады. Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс облыстарындағы су нысандарында су беті бірте-бірте салқындайды деп күтілуде.