Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Бо Силайдың үкімі қайта қарайлынбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Бо Силайдың үкімі қайта қарайлынбақ

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Бо Силайдың үкімі қайта қарайлынбақ

Қытай соты сыбайлас жемқорлық жасады және билігін асыра пайдаланды деген айыппен партияның бұрынғы жоғары шенеунігі Бо Силайды өмір бойына бас бостандығынынан айыру туралы шешімін қайта қарауға келісті, деп хабарлайды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары.

  • 10 Қазан 2013
  • 302
Фото - Caravan.kz

Бо Силай сот процесінің барысында өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, жоғарғы сотқа шағым түсірді.

Биылғы жылдың тамыз айында өткен сот процесі барысында оның 22,44 млн. юань көлемінде пара алғаны, мемлекеттік қордан 5 млн.юань ұрлағаны, британ азаматының өліміне байланысты билікті асыра пайдаланғаны дәлелденген болатын.

Сот шешіміне сәйкес, Бо Силай саяси құқықтарынан өмір бойына айырылып, оның жеке активтері тәркіленді.