Квазимемлекеттік секторға бөлінген қаржы тиімсіз пайдаланылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Квазимемлекеттік секторға бөлінген қаржы тиімсіз пайдаланылуда

Квазимемлекеттік секторға бөлінген қаржы тиімсіз пайдаланылуда

Квазимемлекеттік секторға бөлінген қаржы тиімсіз пайдаланылуда. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев айтты.

  • 8 Қараша 2013
  • 551
Фото - Caravan.kz

Оның атап өтуінше, мемлекеттің қатысуымен құрылған заңды тұлғалар саны артып отыр. Мұны Елбасы Н.Назарбаев та 11 қазанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан еді.

«Бұл ретте мен біздің елімізде жасырын мемлекет меншігіне алу жүріп жатқандығын айтқым келеді. Квазимемлекеттік секторға бөлінген қаржы тиімсіз пайдаланылуда әрі бұл активтердің «жұтылуымен» ілесе жүруде», — деді ол.

Депутаттың сөзіне қарағанда, ұлттық компаниялардың жарғылық қорына бюджет қаражатын салу олардың биліктен айырылуына әкеп соғады. Соның салдарынан олар талан-таражқа түседі.