Ақмола облысындағы Домбыралы ауылы жол азабын тартып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысындағы Домбыралы ауылы жол азабын тартып отыр

Ақмола облысындағы Домбыралы ауылы жол азабын тартып отыр

Жібі түзу жолға жарымаған елді-мекен. Ақмола облысындағы Домбыралы ауылы жол азабын тартып отыр. Жаңбыр жауса ми батпаққа айналатын ауыл енді алдағы қысты үлкен үреймен күтуде. Себебі сәл қар жауса жол бөгеліп, тұрғындар үйлерінен аттап басып шыға алмайды. Былтыр солай болған. Биыл да сол қорлыққа тап боламыз деп халық зар жылап отыр.

  • 9 Қараша 2013
  • 451
Фото - Caravan.kz

Бұл Домбыралы ауылына келгенді апарар жалғыз жол. «Кеңес тасы» деп аталатын. Бірақ атауынан ғана болмаса, бойынан бірде-бір тасты немесе кезіндегі асфальттан қалған қалдық тапассың. Ауылдың сырты ғана емес, іші де дәл осындай жағдайда.

Жол азабын әсіресе, жүргізушілер тартуда. Көліктері бұзылып дөңгелектерін жиі ауыстыруға мәжбүр.

Владимир Спиндер, Домбыралы ауылының тұрғыны:

— Бұрын шұңқырлардың бітеуші еді, оны да қойды. Қазір жаңбыр жауса батпаққа батқан көлігіңнің шығуы қиын.

Тұрғындар жол азабының жоғарыға жазып та, сан мәрте айтып та көрген. Нәтиже жоқ. Ақша жинап өздері жамағандай болады. Тек оған жаңбыр мен қар дес берер емес.


Наталья Кожухова, кәсіпкер:

— Қаланы айтпағанда аудан орталығына тауар жеткізе алмаймын. Жолды көріп, бәрі бас тартады.

Домбыралыда көңілі тоқ жалғыз адам бар. Ол ауыл әкімі. Шенеунік халықты сабырға шақырып әлек.

Төлеш Әбдірахманов, Кеңес ауылдық округінің әкімі:

-Үш ай бұрын АКТ жасадық. Қажетті қаражаттың барлығын есептеп бердік. 193 млн 470 мың теңге. Алла жазса, 2014 жылдары бітіп қалады.

Жұрттың бұл уәдеге сенгісі жоқ. Жол ғана емес, жалпы ауылда тіршілік өзегі сөне бастаған. Қираған үй, тау болып төгілген қоқыс Домбыралының көркін қашырып тұр.