Білім министрлігінің шалалығынан мектептер салынбай қалған - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім министрлігінің шалалығынан мектептер салынбай қалған

Білім министрлігінің шалалығынан мектептер салынбай қалған

Білім министрлігінің жайбасарлығы мыңдаған баланы жаңа мектеп пен балабақшадан қаққан. Есеп-қисаптан жаңылған шенеуніктердің шалалығынан биыл 22 млрд теңге игерілмей, қыруар қаржы текке жатыр. Ал ақша мектептер мен балабақшалар тұрғызу үшін бөлінген болатын.

  • 9 Қараша 2013
  • 287
Фото - Caravan.kz


Гүлмира Исимбаева, Мәжіліс депутаты:

— Осы жерде есептеп көрдік. Егер министрлік бөлінген ақшаны дұрыс жоспарлағанда 22 миллиардқа 20 мектеп, 66 балабақша тұрғызуға болады екен. Сонда біз салынуы тиіс қаншама ғимаратты жоғалтып отырмыз.

Осылай деп күйінген депутаттың деректеріне қаржы полициясы қызығушылық танытса, Білім министрлігі үлкен жанжалдың ортасында қалуы мүмкін. Онсыз да ведомстваның бұрынғы вице-министрі Саят Шаяхметов  бюджеттің 1 жарым млрд теңгесін қалтаға басты деп айыпталуда. Бірер күндікте тағы екі орынбасар лауазымынан айырылды. Жалпы қазынаның  қаржысын пайдаға жарата алмай отырған жалғыз бұл министрлік емес. Биылдыққа мемлекеттік мекемелер 175 млрд теңгені игере алмаған.