Осы жойқын тайфун бұдан бұрын Филиппинге зардап келтірген болатын.
Метеорологтардың болжамына қарағанда, тайфун елдің жағалаудағы елді мекендеріне жексенбіде жетеді. Вьетнам мемлекеттік БАҚ-тарының хабарлауынша, жағалаудағы аудандарда мектептер түгелдей жабылды.
Бұдан бұрын мәлім етілгендей, «Хайян» тайфуны жұма күні Филиппинді жайпап өтті. Табиғи апат 100-ден астам адамның өмірін қиды.
Қазіргі кезде тайфун сәл бәсеңдеп, солтүстік-батысқа қарай сағатына 35 шақырым жылдамдықпен жылжып барады.
Метеорологтардың мәліметінше, сенбіде тайфун Оңтүстік Қытай теңізі айдынында күшейе отырып, Вьетнамға қарай жылжуын жалғастырады.