Эр-Рияда полиция мен шетелдік жұмысшылар арасында қақтығыс орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Эр-Рияда полиция мен шетелдік жұмысшылар арасында қақтығыс орын алды

Эр-Рияда полиция мен шетелдік жұмысшылар арасында қақтығыс орын алды

Сауд Арабиясында полиция мен шетелдік жұмысшылар арасында қақтығыс болып өтті. Полицейлер бірнеше мың шетелдікті ұстаған. Оған жауап ретінде жұмысшылар полицейлерді таспен атқылаған. Тәртіп сақшылары ауаға оқ атып, жиналғандарды күштеп таратты.

  • 10 Қараша 2013
  • 346
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетейік, 4-ші қарашадан бастап, елде қатаң тәртіп күшіне енді. Заңсыз жұмыс күшін пайдаланған жұмыс берушілерге, пәтерлерін жалға тапсырушыларға 100 мың риал (26,6 мың долл.) көлемінде айыппұл салынады. Оларды тіпті екі жылға дейін бас бостандығынан айыруы да мүмкін.

Биліктің талабы өз нәтижесін беріп, 900 мыңға жуық адам визаларын тәртіпке келтірді. 2400 шетелдік өз еріктерімен елден кеткен. Бұл туралы РБК хабарлады.