Шекараға әуе кемелері келді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекараға әуе кемелері келді

Шекараға әуе кемелері келді

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің әскери-көліктік авиациясына Ан-26 ұшағы келіп қосылды.

  • 11 Қараша 2013
  • 345
Фото - Caravan.kz

Әуе кемелері Киев қаласының авиажөндеу зауытында толық жөндеуден және қайта жабдықтаудан өтті.

Олардың ескірген агрегаттары ауыстырылды. Қазіргі халықаралық талаптарға сәйкес жаңа жүйелер орнатылды. Атқарылған жұмыстар аталған әуе кемесінің жұмыс істеу мерзімін 2020 жылға дейін ұзартып отыр.

Оларды Қазақстанға Шекара қызметінің ұшқыштары алып келді.

Шекара қызметінің техникалық жабдықталуы жаңа сапалы деңгейге көтерілді. Бұл ел Президенті — Жоғары Бас қолбасшының шекарашылардың мәселелеріне үнемі назар аударуы мен ҰҚК басшылығының техникалық әлеуетті арттыруға деген күш-жігерінің жемісі екендігі сөзсіз, себебі, Қазақстанның сыртқы шебін күзету және Шекара қызметін нығайту мен реформалау, әскери-жауынгерлік қызметті дамыту бағытында кешенді шаралар қабылдау ең басты талап болып отыр.


Қазіргі таңда шекара қызметінің авиация құрамы әскери техника мен қару-жарақты оқып-үйреніп шеберліктерін шыңдауда, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.