Түркияның ЕО-ға кіруіне байланысты мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияның ЕО-ға кіруіне байланысты мәлімдеме жасады

Түркияның ЕО-ға кіруіне байланысты мәлімдеме жасады

Түркия премьер-министрі Реджеп Ердоған Польша астанасы Варшава қаласында өткен «Түркия мен Еуропалық одақтың қарым-қатынасы» деп аталатын конференцияда осындай мәлімдеме жасады.

  • 11 Қараша 2013
  • 407
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, ЕО діни, мәдени және ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан кәрі құрлықтағы елдерді біріктірген бірлестік болып табылады. Түркияның бұл одаққа кіруіне мұсылман мемлекеті болғаны кедергі келтірмеуі тиіс.

«Түркия ЕО-ға толыққанды мүше болып кірсе, ЕО мен ислам әлемі арасындағы діни мәселеге байланысты тосқауылдарды бұзып-жарып, интеграцияны жандандырады»,- деді ол сөзін толықтырып. Сондай-ақ, ол Түркияда ЕО-ға кіру туралы бастаманы қолдайтындардың қатары 70-75 пайыздан 30-35 пайызға дейін бір-ақ құлдырағанын және бұған ЕО-ның уәдесінде тұрмауы мен екіжүзді саясаты себеп болғанын жеткізді.

«Еуропаға барар жолымызда кездесетін барлық жағымсыз құбылыстар мен кедергілерге қарамастан біз табандылық танытып келеміз. Біз ЕО принциптеріне бейімделу бағытында ғана емес, сонымен қатар, еліміз үшін, келешегіміз үшін де жұмыстар жүргізетін боламыз. Біз елді демократияландыруға әрі адам құқығын қорғауға қатысты осы мәселелер бойынша азаматтарымыздың мүддесін ескеретін боламыз»,- деді ол. Бұл туралы muslim.kz хабарлады.