Әйелдердің үлесін қоғамның барлық саласында 30 пайызға жеткізуде сан емес, сапаға мән берілуі керек - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелдердің үлесін қоғамның барлық саласында 30 пайызға жеткізуде сан емес, сапаға мән берілуі керек

Әйелдердің үлесін қоғамның барлық саласында 30 пайызға жеткізуде сан емес, сапаға мән берілуі керек

БҰҰ Конвенциясындағы қоғамның барлық саласында әйелдердің үлесін 30 пайызға жеткізу керек деген міндеттеме әлі орындалған жоқ. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан «Әйелдер, бейбітшілік пен қауіпсіздік: Еуроатлантикалық және Еуразиялық аймақтардағы мемлекеттердің міндеттемелері мен олардың нәтижелі іске асырылуы» деп аталатын халықаралық конференцияда айтылды.

  • 11 Қараша 2013
  • 466
Фото - Caravan.kz


«Қазір әйелдердің үлесі Парламент Мәжілісінде 24 пайыз, Үкіметте 10 пайызға жақын, ал жақында өткен ауыл әкімдерінің сайлауында 11 пайызға жетті. Қазір қарулы күштердегі қыз-келіншектердің үлесі 8 пайызды құрауда», — дейді ҚР Президентінің кеңесшісі Гүлшара Әбдіқалықова. Оның айтуынша, әйелдер арасынан бірінші боп генерал атағын алған Сәуле Айтбаеваның әскердегі әлімжеттікті ауыздықтау үшін әйелдердің құқық қорғау органдары саласындағы ұйымын құру туралы ұсынысының болашағы өте зор.