CПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
CПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

CПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Қазақстандық Денис Кузин конькимен жүгіруден әлем кубогының бірінші кезеңінде төртінші нәтиже көрсетті. Калгари мұз айдынында жерлесіміз 1000 метрлік қашықтықты 1 минут 7,71 секундта еңсерді. Бұл дистанцияда америкалық конькиші Шани Дэвис топ жарды. Жеңімпаз мәре сызығын 1 минут 7,46 секундта қиып өтсе, оған 0,11 секунд ұтылған голландиялық Брайан Хансеннің еншісінде күміс жүлде.  

  • 12 Қараша 2013
  • 301
Фото - Caravan.kz

 

Астаналық баскетболшылар Біріккен лиганың кезекті турында 88:103 есеібмен  «Красный Октябрь» клубынан жеңіліс тапты. Волгоградтағы бәсекенің нәтижесіне қарағанда «Астананың» қорғаныс шебінде шешімін таппаған мәселелер аз емес секілді.

Осы бәскеден кейін өз командасын жақсылап сынаған  бас жаттықтырушысы Маттео Бониччоли: « Астананың қорғаныс шебі Біріккен лиганың деңгейінен әлдеқайда төмен» , -деп түйіндеді.  «Астананы» үш жыл бойы баптап келген италиялық бапкер, маусым барысында  команда құрамы жаңа ойыншылармен толығуып қалуы да мүмкін екенін алға тартты.    Артта қалған бес кездесуде үш мәрте ұтылған «Астана» , келесі ойынды 17 қараша күні  Минскіде « Цмоки-Минск» клубымен өткізеді.  

 

Футболдан Испания чемпионатының 13-ші туры өз мәресіне жетті. Турнир кестесінде көш бастап келе жатқан “Барселона”бұл айналымда сырт алаңда “Бетиспен” кездесті.

Алғашқы минуттарда каталондықтардан кем түспеген алаң иелері сауатты ойын көрсетті. Бірақ бірінші таймның соңына қарай “Барселона” ойыншылары өз дегендеріне жетті. Комбинациялық шабуылға нүкте қойған Неймар болатын. Допты ортадан ойынға қосқан “Бетис” ойыншылары арада бір минут өткенде тағыда өрескел қателік жіберді. Жылдам ұйымдастырылған қарымта шабуылда көзге түскен Педро Родригес. Ойынды толығымен бақылауында ұстаған каталондықтар Сеск Фабрегастың қос голынан кейін 4:0 есебімен ойсырай жеңіліп жатқан. Бірақ қосымша уақытта “Бетис” пенальтиден бір доппен жауап қайтарды. Қортынды есеп 4:1 барселонаның пайдасында.

 


Лондондағы қортынды турнирдың финалында Новак Джокович пен Рафаэль Надаль кездесетін болды.

Жартылай финалда Джокович швейцариялық қарсыласы Станислас Вавринкаға еш мүмкіндік бермеді. 1 сағат 25 минутқа созылған бәсекеде сербиялық қарсыласына тек бір брейк жасатып, өзі төрт рет қарсыласының ұпайын алған. Нәтижесінде қос партиядағы бәсеке 6:3 есебімен аяқталды. Ал испандық шебер Рафаэль Надаль қос парияда Роджер Федерерден басым түсті. Мұндағы есеп 7:5, 6:3.