Қазақстан - қант диабетті 5-15 жастағы балаларды инсулин сорғысымен қамтамасыз етіп отырған әлемдегі жалғыз мемлекет - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан - қант диабетті 5-15 жастағы балаларды инсулин сорғысымен қамтамасыз етіп отырған әлемдегі жалғыз мемлекет

Қазақстан - қант диабетті 5-15 жастағы балаларды инсулин сорғысымен қамтамасыз етіп отырған әлемдегі жалғыз мемлекет

 Қант сусамырымен ауыратындардың саны қазір әлемде 371 миллион адамды құрауда. Бұл бүгін Алматыда қант сусамымырына шалдыққан адамдарды инсулин сорғысымен емдейтін Қазақстандағы алғашқы орталықтың ашылуы туралы баспасөз мәслихатында айтылд

  • 12 Қараша 2013
  • 638
Фото - Caravan.kz


«Қазақстандағы қант сусамырымен ауыратын 227 мың адамның 1800-ін балалар құрап отыр. Medtronic компаниясы бірегей құрал-жабдықтарын әкеліп, қант сусамырының бірінші түріне шалдыққан 5 жастан 15 жасқа дейінгі аралықтағы балаларға аз мөлшердегі инсулинді тері астына үздіксіз егу жүйесін енгізді. Ол балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік беруде», — дейді Кардиология жәнем ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының Эндрокринология бөлімінің жетекшісі Лейла Даниярова. Оның айтуынша, 5-тен 15 жасқа дейінгі Қазақстанның барлық балалары инсулин сорғысымен тегін қамтамасыз етілуде. Бұл — еліміздің үлкен жетістігі. Қазақстан қазір әлемде қант диабетіне шалдыққан барлық балаларды инсулин сорғысымен қамтамасыз етіп отырған жалғыз мемлекет болып отыр. Инсулин сорғысын қабылдағандар оны қабылдамайтын басқа балалардан ең алдымен психологиялық кедергіні жоюымен ерекшеленеді. Сондай-ақ олар аурудың асқынуынан қорғалған.