Республикада өндірілген электр энергиясының көлемі тұтыну деңгейінен асты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикада өндірілген электр энергиясының көлемі тұтыну деңгейінен асты

Республикада өндірілген электр энергиясының көлемі тұтыну деңгейінен асты

Республикада өндірілген электр энергиясының көлемі тұтыну деңгейінен асты. Бұл туралы ҚР ИЖТМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.  

  • 12 Қараша 2013
  • 502
Фото - Caravan.kz


«Соңғы 10 айда Республикада өндірілген электр энергиясының көлемі 14,8 млрд. кВтс құрады. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 2,9 пайызға көп. Сонымен қатар электр энергиясын тұтыну — 73,1 млрд. кВтс болған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3%-ға аз», — делінген хабарламада.

Электр энергиясын асыра өндірген өңірлерден Жамбыл облысын (132,2%), Қарағанды облысын (108,8%), Атырау облысын (108,5%), Солтүстік Қазақстан облысын (108,2%), Алматы облысын (108,2%) атап өтуге болады. Керісінше электр энергиясын ең аз өндірген облыстардың қатарында: Шығыс Қазақстан облысы (96,2%), Қостанай облысы (95,2%), Оңтүстік Қазақстан облысы (82,3%) бар.