Шенеуніктер бүгінгі жағдай талап ететін дәрежеде жұмыс істей алмай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шенеуніктер бүгінгі жағдай талап ететін дәрежеде жұмыс істей алмай отыр

Шенеуніктер бүгінгі жағдай талап ететін дәрежеде жұмыс істей алмай отыр

Қазақстанның көптеген мемлекеттік шенеуніктері бүгінгі жағдай талап ететін дәрежеде жұмыс жасай алмай отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Мәжілістегі «Халықтық коммунистер» фракциясының жетекшісі Владислав Косарев мәлімдеді.

  • 12 Қараша 2013
  • 486
Фото - Caravan.kz


«Мемлекеттік шенеунік, мейлі ол министр болса да, мейлі Премьер немесе жергілікті деңгейдегі шенеунік болса да басты нәрсені білуі керек — ол халық үшін қызмет етіп, ел үшін еңбек етеді. Ал біздікілердің көпшілігі қазір мұны түсініңкіремейтін тәрізді, олар біздің жағдайымыз талап ететіндей дәрежеде жұмыс жасай алмай келеді. Сондықтан, Елбасының әрбір шенеунік өзінің ел алдындағы, қоғам алдындағы және өндіріс алдындағы ісі үшін жауапкершілікте болуы керек деген пікірін біздің партияластарымыз толық қолдайды», — деді В. Косарев.