Астана перзентханасында екі бірдей шақалақ шетінеп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана перзентханасында екі бірдей шақалақ шетінеп кетті

Астана перзентханасында екі бірдей шақалақ шетінеп кетті

Астанада тағы сәби өлімі. Елордадағы №2-ші перзентханада екі шақалақ шетінеп кеткен. Бірі туыла сала көз жұмса, екіншісі жарық дүние есігін ашып үлгермеді. Жас аналар бұл жайтқа дәрігерлерді айыптап отыр. Ал ақ халаттылар әдеттегідей өздеріне шаң жуытқан жоқ. Дегенмен басынан дау арылмайтын перзентаханада қазір қызметтік тексеріс басталып кетті.

  • 13 Қараша 2013
  • 412
Фото - Caravan.kz

Аяғын әрең басып тұрған Әсел Жомартова. 19 жастағы ана әлі есін жияр емес. Толғақ қысып уақытында босанғанымен аяқ асты тоғыз ай көтерген сәбиінен айырылып қалды.

Әсел Жомартова:

—  Білем әйтеуір кеудеме қойды баламды. Сосын кешке қарай бардым, жүрегі соғып тұрды. Маған тыныс алып жатыр деді. Сосын таңертең 8-де барып көрдім, жарты сағаттан соң маған айтты, бала өлді деп…

Әсел бар кінәні дәрігерлерден көріп отыр. Өйткені, түн ішінде бірнеше рет жедел жәрдем шақырып осы перзентханаға келген. Алайда, мұндағылар орын жоқ деп 2 рет қайтарып жіберіпті. Таңда қайта келгенде ақ халаттылардан қайыр болған жоқ. Перзентхана басшылығы болса, нәресте іште артық жатып қалған, сондықтан суға тұншығып қалды депті.

Клара Молдабаева, Әсел Жомартованың енесі:

— Балпанақтай 4-те 600 келі болып туылған баланы алып қала алмай отыр ғой бұлар. Сенбі, жексенбіге түсті ешқандай дәрігер қарамаған. Бұл жас неге айтпайды, ауыл емес қой бұл, Астана ғой..барлық нәрсе бар ғой, жүрегін жасаймын, кислород берем десе де…

Босанып, есін жия алмай жатқан Әсел дәрігерлердің әлдебір қағаздарға да қол қойдырып алғанын айтып отыр. Іске қазір Астана қаласының денсаулық сақтау департаменті араласты.


Фарида Тілеубердиева, Астана қаласының бас акушер-гинекологы:

— Жомартованың ішіндегі нәрестенің салмағы үлкен болды.  Біз оған ішін жарып алайық деп ұсындық. Алайда, олар туыстарымен бірге жарып алудың қажет жоқ деп қолхат берді. Туылар сәтте баланың жүрек қағысының төмен болғаны анықталды.  Осы кезде дәрігерлер тағы сұраған, ішті жарып алайық деп, ол тағы бас тартқан.

Енді жарық дүние есігін ашпай шетінеп кеткен ұлының қазасына дәрігерлерді кінәлаған жас ана сотқа жүгінбекші. Тағы бір айта кететін жәйт, бүгін Астанадағы №2-інші перзентханада тағы бір шақалақ көз жұмған. Қазір орталықта қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.