Жылуға жарымаған Қапшағай тұрғындары шу көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жылуға жарымаған Қапшағай тұрғындары шу көтерді

Жылуға жарымаған Қапшағай тұрғындары шу көтерді

Алматы облысындағы Қапшағай қаласының тұрғындары жылуға зәру! Қарашаның қара суығында бүрсең қағып отырғандарға «Қапшағайжылу» мекемесі мен жергілікті әкімдік те түрлі сылтау айтып шығарып салады екен. Суық сүйгеніне өткен жұрт бүгін ақыры шу шығарды. 

  • 13 Қараша 2013
  • 490
Фото - Caravan.kz

Қапшағайдағы көпқабатты үйдің тұрғындары осылайша жылудан қақылғандарына бір ай болған. Орталық жылудың берілуінен, өшуі тез болыпты мына 40 пәтер үшін. Жауапты мамандар мезгілі жеткен соң, ешбір жөндеу жұмыстарынсыз қоса салды дейді. Енді зардабын қарапайым тұрғындар шегуге мәжбүр. Арасында еңкейген қариядан, жөргектегі сәбиге дейін бар.

Аяпберген Етекбаев, Қапшағай қаласының тұрғыны:

—  92 жылдан бері тұрамын. Ыстық су жоқ, жылу жоқ. Көрген күніміз осы. Жұмыстан келеміз, суық үйге кіреміз. Барсаң қарыз бар дейді, ешқандай да долг жоқ бізде.

Асқар Жалғабаев, Қапшағай қаласының тұрғыны:

— 1 ай болып қалды. Анаған барамыз, мынаған барамыз. Звондаймыз, күнде айтамыз бәріне. Суық үйде баламыз, немереміз бар. Амалсыздан плитка қосамыз, тоқ.

Бұған дейін осы мәселемен табалдырығына келген әр тұрғынды жылы шығарып салып отырған жеке пәтер кооперативі бүген де дереу жетті. Бірден, шу шығарулары «негізсіз» деп, тұрғындардың өзін айыптады.

Жылу айналымының дұрыс болмауына құбырдағы ауа себеп екен. Ал бұл олқылықты түзету үшін мамандар жеке баспаналарға кіре алмай қалған. Кейбірі тіпті салғырттық танытып, есік ашпайтын да көрінеді. Десе де, мән-жайды білмекке жылуға жауапты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға жүгінген едік. Олар да тұрғындардың өздерін кінәлай кетті.


Людмила Бахматова, «Қапшағайжылу» МКК қызметкері:

— Бұл жағдайға дәл осы үйдің тұрғындары кінәлі деп сеніммен айта аламын. Құбырлар да тұрып қалған, ауаны шығаруға барған біздің мамандарды қуып жібереді. Керектеріңді жертөледен шығарыңдар деп. Енді келіп біз айыптымыз.

Жалпы құбырлары қан жылынып, қымтанып жүргендер жетерлік екен Қапшағай бойынша. Коммуналдық кәсіпорынның мәліметіне сүйенсек, дені қарызға белшеден батқандар. Десе де, қанша млн. теңгеге екенін атап айта алмады. Ал жылусыз отырғандарға жауапсыз көршілері табылмайынша тоңуларына тура келмек. Жабық пәтерлердегі құбырлар жөндемей, жылу бәрібір болмайды деп отыр мамандар.