Қазақ күресі «ЭКСПО-2017» аясында кеңінен насихатталады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ күресі «ЭКСПО-2017» аясында кеңінен насихатталады

Қазақ күресі «ЭКСПО-2017» аясында кеңінен насихатталады

Астанадағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аясында қазақ күресі кеңінен насихатталады. Бұл туралы бүгін Астанада ашылған «Қазақ күресінің өткені, бүгіні мен болашағы» тақырыбындағы I республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының орынбасары Таңатбек Есентаев мәлім етті.

  • 13 Қараша 2013
  • 415
Фото - Caravan.kz


«Біз «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында қазақ күресін кеңінен насихаттауды жоспарлап отырмыз. Осы мақсатта Әлем чемпионаты және «Қазақстан барысы» турнирі ұйымдастырылады», — деп атап көрсетті Т.Есентаев. Сондай-ақ қазақ күресін материалдық емес мәдени мұра ретінде ЮНЕСКО бағдарламасына енгізу көзделіп отыр. Себебі спорттың бұл түрі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерін көрсетеді.