Таразда ұзындығы 4 метрлік тиын белгісіндегі ескерткіш ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда ұзындығы 4 метрлік тиын белгісіндегі ескерткіш ашылды

Таразда ұзындығы 4 метрлік тиын белгісіндегі ескерткіш ашылды

Алып теңгені көргің келсе, Таразға тарт! Шаһарда төл валютаның 20 жылдығына орай, салмағы жарты тоннаға жуықтайтын, тұғырымен қоса есептегенде биіктігі 4 метрлік тиын белгісіндегі ескерткіш ашылды.

  • 14 Қараша 2013
  • 255
Фото - Caravan.kz


Ұлттық банк бөлімшесінің маңында орналасқан ерекше ескерткіш тот баспайтын металдан жасалыпты. Тиынның бір бетінде, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1993 жылғы, 15-ші қарашадағы жарлығы қашалып жазылған. Ал, келесі бетінде, қазақ теңгесінің ең алғаш, осы Тараз қаласында айналымға енгені көресетіліпті. Көлемді тиынды, бірнеше банк қызметкері өз қаражатына құйдырған. Бірақ, қаржыгерлер оған қанша ақша кеткенін құпия қалдырды.