Тина Тернер АҚШ азаматтығынан бас тартады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тина Тернер АҚШ азаматтығынан бас тартады

Тина Тернер АҚШ азаматтығынан бас тартады

Рок-жұлдыз Тина Тернер Швейцария азаматтығын алды және АҚШ азаматтығынан бас тартуда, деп жазады БиБиСи.

  • 14 Қараша 2013
  • 272
Фото - Caravan.kz


73 жастағы әншіге жергілікті кеңес Швейцарияның азаматтығын ұсынуды шешкені туралы Цюрих газеті хабарлады. Тернер неміс тілінде шапшаң сөйлейді және Цюрих маңында 90-жылдардың ортасынан бері тұрады.

Осыған байланысты, оның сөзіне қарағанда, ол өзін ештеңе байланыстырмайтын АҚШ төлқұжатынан бас тартуы тиіс деп хабарлайды "Вашингтон Пост".

Тина Тернер — шын есімі Анна Баллок — сегіз рет "Грэмми" сыйлығын иеленген, екі MTV Music Awards сыйлығы, Голливуд Аллеясындағы жұлдыз, World Music Awards "Аңыз" номинациясы сыйлығының және басқа да көптеген марапаттардың иегері.