Жұбайының көзіне шөп салғандар айыппұл төлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұбайының көзіне шөп салғандар айыппұл төлейді

Жұбайының көзіне шөп салғандар айыппұл төлейді

Вьетнам билігі ерлі-зайыптылардың бір-бірінің көзіне шөп салуымен айыппұл төлету арқылы күреспекші. Аталған үкіметтің жарлығы 11-ші қарашадан бастап күшіне енді, деп хабарлады Би-Би-Си.

  • 14 Қараша 2013
  • 364
Фото - Caravan.kz

Аталған құжатқа сәйкес, теріс қимылға барған азаматтар 1 ден 3 миллионға дейін Вьетнам донгы немесе 45-145 доллар мөлшерінде айыппұл төлейді.

Ерлі-зайыптылардың осындай әрекеттерінің зардабы отбасы мүшелеріне тиіп жатса, олар тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылуы да мүмкін.

Кемелеттік жасқа толмаған жанға үйленгендерге 45-тен 145 долларға дейін айыппұл салынады.

Вьетнам немесе шетелдік азаматтығын алу үшін некеге тұрғандар мемлекет қалтасына 10-20 миллион донгқа дейін ірі көлемдегі қаржы құятын болады. Ал ажырасқысы келетін жұптар мемлекетке 20 миллион донгқа дейін айыппұл төлейтіндігі көрсетілген.