«Осы сенбіде Премьер-Министрге Қазақстан Республикасының территориясын ұйымдастыру бас сызбасы таныстырылады», — деді ол.
Оның атап өтуінше, еліміздің аумағының бас сызбасы 2030 жылға дейін арналған. Аталған құжат қолда бар барлық мемлекеттік салалық, өңірлік бағдарламалардың, жобалардың негізінде қалыптасқан. «Бұл — территорияларды дамытудың перспективасын анықтайтын басты құрал болып табылатын кешенді құжат», — деді Б.Жәмішев.