Бетперде киіп, тапанша кезенген еркекті көргенде сатушы шошып кеткен. Кассадағы бар ақшаны ұстата салыпты. Қалған екеуі оны сыртты күтіп тұрған. Дүкеннің ішін жақсы білген үшеу қойманы да тексеріп шығыпты. Осыны ескерген тәртіп сақшылары дүкенге қатысы болуы мүмкін адамдардың барлығын тексеріп, көп ұзамай сыбайластардың ізіне түсті. 23-25 жастағы жігіттердің екеуі облыстық наркодиспансерде есепте тұрған. Олжалаған бес мың теңгелерін олар бөліп алып, жаратып жіберіпті.