Алматыда Қырғызстаннан келген қалта ұрылары ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Қырғызстаннан келген қалта ұрылары ұсталды

Алматыда Қырғызстаннан келген қалта ұрылары ұсталды

 Алматыда бірнеше рет қалтаға түскен деген күдікпен Қырғызстанның үш азаматы ұсталған. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

  • 15 Қараша 2013
  • 376
Фото - Caravan.kz

Ұсталған 20-30 жас аралығындағы азаматтар Қырғызстанның түрлі облысының тумалары.

Ұсталғандар қоғамдық орындарда, базарлар мен адам көп жүретін жерлерді торуылдаған. Олар бір-бірінің бағыттарын қайталамаған, деп Алматы ІІМ криминалдық полиция басқармасының мүліктік қылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы Пархат Мадалиев мәлімдеді.

Олар жалға алған пәтерден он шақты ұялы телефон, әмиян мен құжаттар табылған.


Қазір олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды.