Алматыда екі тапанша, Калашников автоматы және мылтық тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда екі тапанша, Калашников автоматы және мылтық тәркіленді

Алматыда екі тапанша, Калашников автоматы және мылтық тәркіленді

Алматыда полиция арнайы шара барысында Алматы облысының екі тұрғынын ұстап, қару-жарақ тәркіледі. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

  • 15 Қараша 2013
  • 753
Фото - Caravan.kz

Бүгінгі хабарламаға сәйкес, «Алты Алаш» ықшам ауданында бұрын сотты болған екі азамат жүргізген екі «БМВ» көлігі ұсталды.

«Бірінші көліктің тізгінінде облыстың Қарасау ауданының 38 жастағы тұрғыны болған. Оны жеке тінту кезінде «ТТ» тапаншасы, көлігінің жүк салғышынан «АКС» автоматы табылған. Жаркенттің 24 жастағы тұрғыны жүргізген екінші көлікті тексеру кезінде «ТТ» тапаншасы мен «Сайга-410» тегіс оқпанды мылтық табылды», — деп Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді.

Оның мәліметі бойынша, тәркіленген қару баллистикалық сараптамаға жіберілген.


Ұсталғандар уақытша оқшаулағышқа қамалды. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.